Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012.11.15 N 9/6 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 1-/881 ұсыныс хатына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс ХХХІҮ сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы Х. Биімбетов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Қ.Оразымбетов