Қоғалы ауылдық округі аумағында қой-ешкі малдарынан сарып жұқпалы аурулары пайда болуы себепті шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 шілдедегі N 1085 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 18 тамызда N 10-9-128 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 1188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.10.27 N 1188 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын және 2002 жылғы 1 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғалы ауылдық округі аумағында қой-ешкі малдарынан сарып
жұқпалы аурулары пайда болуы себепті карантин режимі белгіленіп, шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. "Шиелі аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Ысқақов) шектеу іс-шараларын тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында шараға қатысты өзге мүдделі мекемелермен тығыз байланыс орната отырып, бірлескен түрде жұмыс жасау тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады