Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман заңгері А.Айдарбековаға жүктеймін.
Майлытоғай ауылдық округі әкімі Қ. АСАНОВ