Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге Сәулебек Абасыловтың есімін беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 тамыздағы N 46 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 01 қазанда N 10-9-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері, Беларуcия Партизандар қозғалысының белсенді мүшесі, ауылымыздың ардақты ақсақалы болған Сәулебек Абасыловтың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман заңгері А.Айдарбековаға жүктеймін.

      Майлытоғай ауылдық округі әкімі             Қ. АСАНОВ     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады