Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 қазандағы № 5 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қарғалы ауылындағы "Мәдениет" көшесіне осы ауылдың түлегі полиция полковнигі болған Ысқақов Елмағанбет Қожахметұлының есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Қарғалы ауылдық Округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы: Х.Қойшыбаев