Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 37- бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 қазандағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кентінің Солтүстік - Шығыс беткейінен ашылған мөлтек ауданына "Арай" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Кент әкімі М.Молдабаев