Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.08.04 N 1546 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 1-тармағын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық коммуналдық меншіктегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудегі немесе жедел басқарудағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру қағидасын бекіту туралы" Аудан әкімдігінің 15 шілде 2009 жылғы N 589 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 24 тамызында N 10-9-91 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 05 қыркүйектегі N 83-84 /7699-7700/ санды шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтағы "С.Сермағамбетовке" деген сөздер "К.Мубараковқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ