Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға берудің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 97 қаулысы, Маңғыстау облысы мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/278 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2010 жылғы 02 маусымда № 2071 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 - бабы 5-тармағына сәйкес облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға берудің ең аз мөлшері осы қаулы мен шешімге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      Сессия төрағасы                         А. Еділхан

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Шелпеков

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
25 наурыздағы № 97 қаулысына және
облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/278 шешіміне
қосымша

Қалалар мен аудандардың атауы Жер учаскелерінің ең аз мөлшері (га)

1

Ақтау қаласы

2

2

Жаңаөзен қаласы

5

3

Бейнеу ауданы

10

4

Қарақия ауданы

10

5

Маңғыстау ауданы

10

6

Мұнайлы ауданы

5

7

Түпқараған ауданы

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады