«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзін басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық және кәсiптiк бiлiмі бар мамандарды даярлауға 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 140 (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2068 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 13 мамырда № 80-81 (7724) жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК» 7 - тармағындағы:
«
1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету: 120112 3 Техник-механик |
25 |
9 сынып |
қазақша |
3 жыл 10 ай |
»
деген жолдағы «25» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдағы «400» деген сандар «425» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау политехникалық колледжінің Форт-Шевченколық филиалы» 8 - тармағындағы:
«
1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету: 120112 3 Техник-механик |
25 |
9 сынып |
қазақша |
3 жыл 10 ай |
»
деген жол алынып тасталсын;
«Жиыны» деген жолдағы «100» деген сандар «75» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi Қ. Көшербаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы білім
басқармасының басқарма
бастығының уақытша
міндетін атқарушы
Е.К. Өмірзақ
04 қараша 2010ж.
Маңғыстау облысы
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы
Г.М. Қалмұратова
04 қараша 2010ж.
Маңғыстау облысы
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының бастығы
Л.О. Олжабаева
04 қараша 2010ж.
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасының бастығы
М.Б. Әлібекова
04 қараша 2010ж.
Маңғыстау облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
Х.Х. Нұрғалиева
04 қараша 2010ж.