Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. «Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 2011 жылғы қаңтар - наурызда, 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтау қаласының аумағында тұрып жатқан ересек жастағы еркек жынысты азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз етсін.
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қою үшін қажетті уақытқа, жасөспірімдерді жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т.Елтизаровқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О. Қазақбаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақтау қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.Дүйсенов
24 желтоқсан 2010ж.