Сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұсынатын кәсіпорындардың тізбесі мен қоғамдық жұмыстарын бекіту туралы

Жаңа

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 02 қаулысы. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 ақпанда № 11-2-133 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 - бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәсiпорындардың тiзбесi мен қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсiн.

      2. Шығарылған сот үкiмiне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушiлер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттердi отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, жолдарды және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.

      3. Аталған тiзiмде көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларына сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергiлiктi бюджетке аударылуы ұсынылсын.

      4. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 3 ақпандағы № 180 қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмi                              О.Сарбөпеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады