Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда № 11-3-97 тіркелді. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 84 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012.06.14  № 84 Қаулысымен.
      1. Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» (11-3-77 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық «Рауан» газетінің 2009 жылы 4 маусымындағы № 23 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының 5 - тармағындағы және қаулымен бекітілген «Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы» қосымшасының 3 - тармағының 12) тармақшасындағы «15000 (он бес мың)» деген сөздер «20000 (жиырма мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                             Б.Әзірханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады