2011 жылдың қаңтар - наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Бейнеу ауданының әкімінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда № 11-3-109 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17 - бабының 3 - тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
      Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылысын.
      2. Село, селолық округтер әкімдері өздері басқаратын әкімшілік аумақтық бірлікте орналасқан тиісті ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілер тізімін Қорғаныс бөліміне берсін.
      3. Мыналарға ұсынылсын:
      1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Боранов):
      азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс - қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
      әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;
      2) «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (З.Нұржанова):
      шарттық негізде дәрігерлік шараларды өткізу;
      Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлу;
      әскер жасына дейінгілердің 2011 жылдың 10 - қаңтарынан 31 - наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өту талдамаларын, қан және дәрет сараптамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз ету;
      шақыру учаскесін қажетті дәрі - дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
      тіркелгендерді сапалы медициналық куәландырумен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда Медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгілерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастыру, бұл үшін емдеу орындарынан қажетті санда төсек - орын бөлу;
      3) Қорғаныс бөліміне (С.Қабиев):
      әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру;
      тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу;
      2011 жылдың 11 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.
      4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру тапсырылсын.
      5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                       Қ.Әбілшеев

      дайынд.:Қ.Бөлтеков
      Қ.Жарасбаева
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады