Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңдары негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
2. Шақыру учаскесі Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында ұйымдастырылсын.
3. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
- 1993 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4. Аудандық ауруханасы Б.Төлешовке (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
- 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
- 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
- азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
- созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
- дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне А.Кадиев (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
- азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қортындысы туралы хабарламаны аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Д.Қонқаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
8. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Дауылбаев