Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 наурыздағы № 72 қаулысы. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда № 11-5-99 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырағы № 92 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2012.05.07  № 92 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге аудандық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Каимова) бұрын республикаға сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындауды, төлеуді және есепке алуды ұйымдастырсын.

      4. Аудандық экономика және қаржы бөліміне (Р.Шабикова) көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге қосымша ақының ай сайынғы төлемін қаржыландыру тапсырылсын.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ж.Албытов

Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 05 наурыздағы
№ 72 қаулысымен бекітілді

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу жөніндегі
Нұсқаулық

      Осы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу туралы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нүсқаулық) «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 19/197 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсондағы № 11-5-91 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бұрынғы зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1.1. Нұсқаулықта төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:
      1) Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі бар зейнеткер – республикалық дәрежедегі зейнеткер (бұдан әрі дербес зейнеткер);
      2) дербес зейнеткердің зейнетақысына қосымша ақы – (бұдан әр қосымша ақы) оларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шарасы ретінде берілетін ақшалай төлемақы;
      3) қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ( бұдан әрі – уәкілетті орган);
      4) қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілетті органдар – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау аудандық филиалы (бұдан әрі – банк) және «Казпочта» АҚ Маңғыстау аудандық филиалы (бұдан әрі- почта).
      1.2. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны беру уәкілетті органмен банкі және почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      1.3 Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      1.4 Қосымша ақы ай сайын осы нұсқаулыққа сәйкес төленеді.

2.Қосымша ақыны тағайындау тәртібі

      2.1.Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегідей құжаттар мен мәліметтерді тапсырады:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) банкіден зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есепшотының нөмірі,
      6) тұрақты тұрғылықты орнын растайтын анықтама.
      2.2 Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып дербес зейнеткердің куәлігі немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ерекше еңбек сіңіргені үшін пенсия белгілеу жөніндегі комиссияның хаттамасынан көшірме саналады.
      2.3. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде уәкілетті органға тапсырылады. Уәкілетті орган құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебін жүргізу және кейін компьютерлік өңдеу үшін қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебін жүргізу үшін дербес есепшот ашады.
      2.4. Уәкілетті орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган мына жағдайларда қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады:
      1) қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;
      2) дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
      3) бас бостандығынан айыру түрінде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
      4) Қазақстан Республикасының басқа облыстарына және одан тысқары жерлерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге.
      Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда,уәкілетті орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш берушіге құжаттарын қайтарады.
      2.5. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде нұсқаулықтың 8- тармағаның 3 - тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда уәкілетті органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауға тиісті.
      2.6. Дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған аудандық бюджет туралы шешімімен жыл сайын белгіленген мөлшерде тағайындалады.

3.Қосымша ақыларды төлеуден тоқтату және жаңғырту

      3.1. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны төлеу осы нұсқаулықтың  8 тармағының 3 тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда немесе алушы қайтыс болғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3.2 Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткердің оны тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туындаған күннен бастап уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.

4.Қосымша ақыларды төлеу тәртібі

      4.1 Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешімдері және алушылардың жеке өтініштері негізінде (зейнетақы алатын орны мен алу тәртібі көрсетілген) төмендегідей құжаттарды жасақтайды.
      1) компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базасы;
      2) елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данада;
      3) елді мекендерде почта арқылы қосымша ақыларды төлеу үшін тізім - ведомостыларды 2 данада;
      4) елді мекендерде үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеу үшін тізім - ведомостыларды 2 данада;
      5) ағымдағы айдағы қосымша ақыларды төлеуге сұраныс - өтінімді.
      4.2.Аудандық экономика және қаржы бөлімі қаржыландыру жөніндегі нұсқаулыққа сай табыс етілетін өтінімдер мен қаржыландыру жоспарына сай дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы төлеуге қаражат бөледі.
      4.3. Уәкілетті орган ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін бөлінген қаражатты банкінің және почтаның есепшоттарына аударады. Сонымен бірге банкіге төленетін соманың 0,6 пайызы және почтаға төленетін соманың 1,0 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы аударылады.
      4.4. Уәкілетті орган төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін, осымен бір мезгілде банкіге дербес зейнеткерлердің банкідегі есепшоттарына қосымша ақыларды түсіру үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файл нұсқасын және елді мекендер бойынша почта арқылы қосымша ақыларды төлеуге құжаттық түрде тізім ведомостылардың бір данасын және үйге әкеліп беруде қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге үйіне жеткізіп беріп, төлеуге құжаттық түрде тізім - ведомостылардың бір данасын почтаға береді
      4.5. Банк және почта алынған тізімдерге сәйкес қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асырады.
      4.6. Уәкілетті орган арқылы банкіге және почтаға дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейін қате аударылған сомалар уәкілетті органның хаты (өкімі) негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиісті есеп шотына қайтарылуға жатады.
      4.7. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бірге төленеді.

5.Есеп жүргізу және есеп беру

      5.1. Уәкілетті орган ай сайын, төлем жүргізілгеннен кейін келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, банкі және почтамен салыстыру кесімдерін жасайды.
      5.2. Уәкілетті орган төленген қосымша ақылардың есебін жүргізеді және ағымдағы айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне және аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.

6. Жауапкершілік

      6.1. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкеліп соқтырған жағдайларды жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік артады.

7. Бақылау

      7.1. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен төленуіне бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады