Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Тұщықұдық селолық округі әкімі шешім етті:
1. Тұщықұдық селолық округінің құрамдас бөліктеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1) № 8 көшенің шығыс бетінде орналасқан жаңадан салынған көшеге Иса Жанадиловтің атағы берілсін.
2) № 9 көшенің солтүстік шығысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Томпиев Шаңытбайдың атағы берілсін.
3) № 10 көшенің оңтүстік батысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Шотан Назарұлының атағы берілсін.
4) № 11 көшенің оңтүстік батысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Жұмалиев Қалмырзаның атағы берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Село округінің әкімі | А.Қодаров |