Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011.06.23 № 08-10/1744 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы бойынша 2010 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылы 12 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында:
"объектінің мекенжайы және баланс ұстаушысы" бағанасының 38-тармағындағы "Федоров селосы" деген сөздер "Целинное селосы" деген сөзмен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық меншік объектілерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Кулагин
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" ММ бастығы
___________ C. Аймұхамбетова
Әкімдіктің
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 131 қаулысының қосымшасы
Қостанай облысы бойынша 2010 жылы жекешелендіруге
жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің
тізбесі
Р/с № |
Объектінің |
Объектінің |
Негіздем |
Объектінің |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
39 |
Жалпы ауданы |
Қостанай |
Қостанай |
Аяқталмаған |
40 |
Жалпы ауданы |
Қостанай |
Қостанай |
Қанағат- |