2010 жылы жекешелендірудің алдын ала жүргізілетін сатысына жататын мемлекеттік коммуналдық меншік объектісін анықтау туралы 

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 208 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 шілдеде № 3727 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 08-10/1744 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011.06.23 № 08-10/1744 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жекешелендiрудiң алдын ала жүргiзiлетiн сатысына жататын Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Складская көшесі, 12 мекенжайында орналасқан № 5 бағдар айырушы соңғы бағанынаң бастап аумағының тірегіне дейін ұзындығы 587,5 қума метр теміржол тармағы - коммуналдық меншік объектісі болып анықталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ бастығы
      ___________ С. Аймұхамбетова

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасы" ММ бастығы
      ______________ М. Щеглова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады