"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 322 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 250 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 9 тамызда № 3731 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 23.09.2016 № 442 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 175, 180-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 542-тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 361 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 322 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3694 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 қазанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының 4-тармағы алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған қаулының қосымшасындағы "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптары" 5-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттік кредит қарызгерге тиісті қаржы жылына қарастырылған және Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген сомасы шегінде беріледі;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай облысының әкімі С. Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады