Қостанай облысы Қостанай қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 1бр қаулысы және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 266 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 ақпанда № 9-1-144 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай қаласының мына көшелерінің атаулары қайта аталсын:
      1) Солнечная көшесін (Авиационная – Солнечная 7-ші өткел көшелерінің шекараларындағы бұрын Мира көшесі) Достық көшесіне;
      2) Солнечная көшесін (Станционная – Солнечная көшелері шекараларындағы бұрынғы Железнодорожная көшесі) Мирная көшесіне;
      3) Солнечная көшесін (Солнечная – Спартак 1-ші өткел көшелерінің шекараларындағы) Заветная көшесіне;
      4) 1-я Солнечная көшесі Самал көшесіне;
      5) 2-я Солнечная көшесі Вишневая көшесіне;
      6) 3-я Солнечная көшесі Қайнар көшесіне;
      7) 4-я Солнечная көшесі Раздольная көшесіне;
      8) 5-я Солнечная көшесі Кленовая көшесіне;
      9) 9-я Солнечная көшесі Ақсу көшесіне;
      10) 10-я Солнечная көшесі Студенческая көшесіне;
      11) Солнечная 2-ші өткел көшесі Локомотивная көшесіне.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қостанай қаласының әкімі
      ________ Ж. Нұрғалиев

      Сессия төрағасы, № 14
      сайлау округі бойынша депутаты
      __________ Д. Сейтқазинов

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы
      __________ С. Төкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады