Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабы 1–тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 19–бабы 3–тармағына және 23–бабы 1-тармағына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі қаулысы негізінде, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы кезекті шақырудың өткізілуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) "Қостанай облысының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) кезекті шақыру бойынша іс-шаралар өткізілу ұсынылсын:
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шығындар сметасында қарастырылған арнайы бөлінген қаржаттың есебінен 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекеме бастығының міндетін атқарушы Г. Кожагилдина
"Қостанай қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ө. Өтебасов