Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 1206 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 шілдеде № 9-1-192 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 335 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № 335 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жұмыс орындардың жалпы санының бес пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
      Қостанай қаласының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығының
      міндетін атқарушы
      __________________ Б. Шаяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады