Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1)-тармақшасына, Рудный қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 "Рудный қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын орындау мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай төлемдер белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне 35 мың теңге мөлшердегі біржолғы әлеуметтік көмек;
2) жүктілік мерзімі 16 аптадан бала туу күніне дейін орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен отбасылардағы жүкті әйелдерге тамақтануға 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі әлеуметтік көмек;
3) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңіне тамақтануға 3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
4) орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларын профилакторийлерде және жазғы демалыс лагерлерінде сауықтыру үшін жолдаманың бағасы мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
5) орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына оқу жылы басына 5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы азаматтарға стационарда емделуге, медициналық мекемелерде тексерілуге 4 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
7) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы азаматтарға жерлеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
8) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы азаматтарға (құжаттандыруға, жерлеуге, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмектерді және басқаларды сатып алуға) 5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жазғы маусымда саяжай учаскесін жалға алуға, тұқым материалдарын сатып алуға және саяжай учаскелеріне көлікпен жүруге 7 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
10) үйде тәрбиеленетін және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алатын 18 жастан асқан 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге 6 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек. Тиісті оқу жылы бойы өтініш білдіру айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады;
11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға азық-түлік сатып алуға 3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
12) орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жеті жасқа дейінгі балаларына және ата-аналардың (кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің) табысына қарамастан, жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға балабақшаларда тамақтану үшін төлеуге 4,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек. Өтініш еткен айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады;
13) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім ұйымдарында оқитын жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға оқу құны мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. Төлем 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың негізінде жылына екі рет жүргізілсін.
14) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттілігіне 7,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
15) орталық жылумен жабдықтауы жоқ тұрғын үйлерде тұратын мүгедектерге қатты отын сатып алуға 15 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
16) орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жасанды емізуге мұқтаж, жасы 6 айға дейінгі балаларына сүт қоспасын сатып алуға 3,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Ескерту. 2-тармаққа 14), 15), 16) толықтырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010.05.24 № 481 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, әлеуметтік көмекке өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
3. 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
4. Әлеуметтік көмек:
1) біржолғы және ай сайынғы - өтініш білдірген айдан, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады;
2) тоқсан сайынғы - өтініш білдіру тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады.
Ескерту.4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010.05.24 № 481 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияның ұсыныстарын ескере отырып уәкілетті орган шығарады.
6. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке немесе карт-шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
8. Әкімдіктің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 15 "2010 жылы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы" қаулысы жойылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А. А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
Рудный қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 217 қаулысына 1-қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010.05.24 № 481 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
1) өтініш;
2) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
4) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
5) кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш иесіне – аталған мәртебенің бар болғанын растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне:
Ұлы Отан соғысына қатысушысының немесе және мүгедектің куәлік көшірмесі;
2) жүкті әйелдерге тамақтануға (тоқсан сайын беріледі):
тұлғаның (отбасының) өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтері (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
жүктілік туралы медициналық мекемеден анықтама;
3) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңіне:
медициналық мекемеден анықтама;
4) балаларды профилакторийлерде және жазғы демалыс лагерлерінде сауықтыруға:
ата-аналардың өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
5) мектеп жасындағы балаларға оқу жылының басына:
ата-аналардың өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
6) стационарда емделуге, медициналық мекемелерде тексерілуге:
тұлғаның (отбасының) өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
емделу немесе тексеру үшін төлеу фактісін растайтын медициналық мекемеден анықтама;
7) жерлеуге:
тұлғаның (отбасының) өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
қайтыс болу туралы анықтама;
8) құжаттандыруға, жерлеуге, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмектерді сатып алуға:
тұлғаның (отбасының) өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
медициналық мекемеден анықтама (дәрі-дәрмектерді сатып алуға әлеуметтік көмек үшін);
9) жазғы маусымда саяжай учаскесін жалға алу, тұқым материалдарын сатып алу және саяжай учаскелеріне көлікпен жүру үшін:
саяжай учаскесіне төлеу туралы түбіртектің көшірмесі;
10) үйде тәрбиеленетін және оқитын 18 жастан асқан 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге (тоқсан сайын беріледі):
мүгедекті үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама;
мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама
анықтамасының көшірмесі;
дәрігерлік-консультациялық комиссиясының мүгедекті үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы анықтамасының көшірмесі;
11) жеті жасқа дейінгі балаларға балабақшаға төлеу үшін (тоқсан сайын беріледі):
ата-аналардың өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (өкілетті органында тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
мектепке дейінгі тәрбиелеу мекеменің анықтамасы;
12) жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға балабақшаларда тамақтануға төлеу үшін (тоқсан сайын беріледі):
мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мекеменің анықтамасы;
13) жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға:
оқу фактісін және бағасын растайтын құжаттың көшірмесі;
оқу төлемін растайтын құжатың көшірмесі (оқуға төлеу шамасына қарай беріледі).
14) тұрмыстық қажеттілігіне:
Ұлы Отан соғысына қатысушысы немесе мүгедегі, оларға теңестірілген тұлға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғалар мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (алғашқы өтініш білдіргенде жылына бір рет беріледі);
15) қатты отын сатып алуға:
мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі.
16) сүт қоспасын сатып алуға (тоқсан сайын беріледі):
ата-аналардың өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
медициналық мекемеден жасанды емізуге мұқтаждығы туралы анықтама.
3. Құжаттар салыстыру үшін тұпнұсқада және көшірмеде беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш білдірушілерге қайтарылады.
Рудный қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 217 қаулысына 2-қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан
бас тарту туралы шешім
____________________________________________________________________
(әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша уәкілетті органның атауы)
Әлеуметтік көмекті көрсету жөнінде қалалық консультациялық - кеңесші
ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып,
2010 жылғы " " № хаттамасы, әлеуметтік көмек
_______________________________________________________ тағайындалсын
(өтініш иесінің аты, әкесінің аты, тегі)
____________________________________________________________________
(әлеуметтік көмектің түрі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2010 жылғы "____" ______________ 2010 жылғы "____" ____________ дейін
мөлшері
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылсын
_____________________________________________________
(бас тартудың себебін дәлелдеу)____________________________________________________________________
Шешім қабылдау күні 2010 жылғы "______"________________
Бастық _______________________ _________________
(аты-жөні) (қолы)
М.О.
Шешімді дайындаған ___________ ________ ___________
(лауазымы) аты-жөні) (қолы)