Әкімдіктің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 217 " 2010 жылы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын орындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 481 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 шілдеде № 9-2-162 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1)-тармақшасына, Рудный қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 "Рудный қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы", Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-150 шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."2010 жылы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын орындау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 217 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-155, 2010 жылғы 2 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мына мазмұндағы 14), 15), 16)–тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттілігіне 7,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
      15) орталық жылумен жабдықтауы жоқ тұрғын үйлерде тұратын мүгедектерге қатты отын сатып алуға 15 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      16) орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жасанды емізуге мұқтаж, жасы 6 айға дейінгі балаларына сүт қоспасын сатып алуға 3,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек".
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Әлеуметтік көмек:
      1) біржолғы және ай сайынғы - өтініш білдірген айдан, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады;
      2) тоқсан сайынғы - өтініш білдіру тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады.".
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшада:
      2-тармақта:
      1)-тармақшаның екінші абзацында "куәлік" сөзі "куәлік көшірмесі" сөздерімен ауыстырылсын;
      12)-тармақшаның бірінші абзацында "балабақшаға" сөздері "балабақшаларда тамақтануға" сөздерімен ауыстырылсын:
      мына мазмұндағы 14), 15), 16)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) тұрмыстық қажеттілігіне:
      Ұлы Отан соғысына қатысушысы немесе мүгедегі, оларға теңестірілген тұлға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғалар мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (алғашқы өтініш білдіргенде жылына бір рет беріледі);
      15) қатты отын сатып алуға:
      мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі.
      16) сүт қоспасын сатып алуға (тоқсан сайын беріледі):
      ата-аналардың өткен тоқсан бойынша табысы туралы мәліметтер (уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      медициналық мекемеден жасанды емізуге мұқтаждығы туралы анықтама.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады