Мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 393 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 қаңтарда № 9-2-176 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 04.05.2016 № 19 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексіне сәйкес және Рудный қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сұлбасының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-153, 2010 жылғы 19 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мәтінінде және қосымшасында "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда" деген сөздер "Автотұраққа (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Он төртінші кезекті
      сессиясының төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Салық
      комитетінің Қостанай
      облысы бойынша салық
      департаменті Рудный
      қаласы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ О. Рабченюк
      2010 жылғы 23 желтоқсанда
      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ М. Досболов
      2010 жылғы 23 желтоқсанда
      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ С. Искуженов
      2010 жылғы 23 желтоқсанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады