Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 19 шешімі

      алалық мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 19
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрайымы Ю. Каралаш
      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин

  Мәслихаттын
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 19 шешіміне қосымша

Рудный қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-135 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-153 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 363 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-170 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 393 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-176 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 қаңтарда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 "Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 30 қарашадағы № 539 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-199 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтарда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      6. Мәслихаттың "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" 2013 жылғы 31 мамырдағы № 149 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4176 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 шілдеде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады