"Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 наурызда № 9-3-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатынасушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 11) тармақшасы негізінде, Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-120 нөмірімен тіркелген, шешімін іске асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған бір адамға 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жергілікті бюджет қаржысы есебінен берілетін ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған 6 (алты) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек. Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек арыз берген уақытынан басталып, арыз берушінің қайтыс болуына немесе оның Арқалық қаласынан басқа жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем төлеу аталған жағдайлар болғаннан кейін келесі күннен бастап тоқтатылады;
      ауылдардың аз қамтылған отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 65 (алпыс бес), ал отырғызылатын тұқымдарды сатып алуға 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын және жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқитын жастарға әлеуметтік көмек;
      Ауғанстан Республикасынан кеңес әскерлерін шығарудың күніне соғыс қимылдары кезінде оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстаға жіберілген әскери міндеттілерге, соғыс қимылдары кезінде осы елге жүктер жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ұшулар жасаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен жұмысшылар мен қызметшілерге, жарақаттар, контузиялар немесе мертігулер алғандарға не Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатынасқаны үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталғандарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек тиісті бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде оқудың құны мөлшерінде тағайындалып төленеді;
      туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған азаматтарды қосымша тамақтандыруға 8 (сегіз) айға дейінгі мерзімге ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек;
      жұмыссыз азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшердегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектеріне телефон орнатуға 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Жерлеуге арналған әлеуметтік көмек отбасы мүшелеріне, немесе жұмыспен қамту мәселелері бойынша қаза болған сәтінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелген жұмыссызды жерлеген тұлғаға тағайындалып, төленеді. Кәмелетке жасы толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалып, төленеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      жан басына шаққандағы табыс облыс бойынша белгіленген кедейлік шегінен төмен жандарға электр қуаты мен суды есептеу құралдарын алу мен орнатуға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010.09.20 № 382 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1-1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. Қаулы 1-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010.09.20 № 382 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмекті мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіп банктік операциясы түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде лицензиясы бар ұйымдар арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына аударылу арқылы жүзеге асады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.С. Жакуповаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

      Арқалық қаласының әкімі Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Н. Гайдаренко

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________________ К. Омарова

Әкімдіктің 2010 жылғы   
20 қыркүйектегі № 382   
қаулысына қосымша     

2010 жылғы 25 қаңтардағы  
№ 29 әкімдіктің қаулысымен 
бекітілген        

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Қаулы қосымшаға толықтырылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010.09.20 № 382 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар міндетті болып табылады:
      әлеуметтік көмекті беруге өтініш беруші тұлғаның еркін үлгіде жазылған өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      кәмелетке жасы толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін аталған мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      2. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай қосымша құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатынасушыларының, мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына:
      Ұлы Отан соғысының қатынасушының, мүгедектің куәлігінің көшірмесі;
      2) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған науқастарды қосымша тамақтандыруға:
      науқастың емделуде болғандығын растайтын тиісті медициналық мекеменің анықтамасы;
      3) жыл сайын техникалық, кәсіби, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқып жатқан және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын жастарға берілетін әлеуметтік көмек:
      халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын растайтын құжат;
      оқу жылына және семестр бойынша оқуға төлемақысының мөлшерін растайтын құжат;
      4) жұмыссыз азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      өлімі туралы куәліктің немесе өлімі туралы анықтаманың көшірмесі, баланың туу туралы актілі жазбадан үзінді;
      ата-анасының біреуі және өзге де заңды өкілдері жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы уәкілетті органнан алынған анықтама, отбасының табысы туралы анықтама.
      Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқарса, өтініш беруші өзінің туыстық қатыстығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқармаса, өтініш беруші жол-жоралық жасайтын қызметтен жерлеуді атқарғандықты растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      3. Салыстырма тексеріс жүргізу үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады. Салыстырма тексерістен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылып, іске тігіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады