Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 "Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 382 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қазанда № 9-3-132 тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 "Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-125, 2010 жылдың 2 сәуірінде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған 6 (алты) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек. Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек арыз берген уақытынан басталып, арыз берушінің қайтыс болуына немесе оның Арқалық қаласынан басқа жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем төлеу аталған жағдайлар болғаннан кейін келесі күннен бастап тоқтатылады";
      1-тармақтың бесінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік көмек тиісті бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде оқудың құны мөлшерінде тағайындалып төленеді";
      1-тармақтың сегізінші абзацы:
      "Жерлеуге арналған әлеуметтік көмек отбасы мүшелеріне, немесе жұмыспен қамту мәселелері бойынша қаза болған сәтінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелген жұмыссызды жерлеген тұлғаға тағайындалып, төленеді. Кәмелетке жасы толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалып, төленеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.";
      әкімдіктің осы қаулысының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ш. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі                    Т. Төлеубаев

Әкімдіктің 2010 жылғы   
20 қыркүйектегі № 382   
қаулысына қосымша     

2010 жылғы 25 қаңтардағы  
№ 29 әкімдіктің қаулысымен 
бекітілген        

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар міндетті болып табылады:
      әлеуметтік көмекті беруге өтініш беруші тұлғаның еркін үлгіде жазылған өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      кәмелетке жасы толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін аталған мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      2. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай қосымша құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатынасушыларының, мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына:
      Ұлы Отан соғысының қатынасушының, мүгедектің куәлігінің көшірмесі;
      2) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған науқастарды қосымша тамақтандыруға:
      науқастың емделуде болғандығын растайтын тиісті медициналық мекеменің анықтамасы;
      3) жыл сайын техникалық, кәсіби, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқып жатқан және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын жастарға берілетін әлеуметтік көмек:
      халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын растайтын құжат;
      оқу жылына және семестр бойынша оқуға төлемақысының мөлшерін растайтын құжат;
      4) жұмыссыз азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      өлімі туралы куәліктің немесе өлімі туралы анықтаманың көшірмесі, баланың туу туралы актілі жазбадан үзінді;
      ата-анасының біреуі және өзге де заңды өкілдері жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы уәкілетті органнан алынған анықтама, отбасының табысы туралы анықтама.
      Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқарса, өтініш беруші өзінің туыстық қатыстығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқармаса, өтініш беруші жол-жоралық жасайтын қызметтен жерлеуді атқарғандықты растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      3. Салыстырма тексеріс жүргізу үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады. Салыстырма тексерістен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылып, іске тігіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады