Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурызда Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған, тіркеуге алынатын жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері жасөспірімдерін шақыру учаскесінде бекітілген кестеге сәйкес тіркеуден өтуі үшін ұйымшылдықпен келуіне шаралар қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыруы қажет.
4. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етуіне, бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушылармен әскери-оқу орындары жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, әскери-оқу орындары жөнінде анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беруге ұсыныс жасаймын. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырушылармен әскери-оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатында жекелей әңгімелер өткізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық
қаласының әкімі Т. Төлеубаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Арқалық
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысы Ішкі
істер департаментінің
Арқалық қаласының ішкі
істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ Е. Смағұлов
Арқалық қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі
_________ Ю. Устинова
"Арқалық қаласы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ М. Айтмағамбетова
"Арқалық қаласы әкімдігінің
білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Г. Қонақова