Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 42 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда № 9-4-160 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 12-бабына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 2-бабы 1-тармағына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджетi туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешiмiне сәйкес, Лисаков қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2010-2012 жылдарға арналған қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
      кедейшілік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларының балалары;
      жетім балалар;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедек балалар;
      көп балалы отбасылардың балалары.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.06.15 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мектепке дейiнгi білім ұйымдарында ата-аналарына немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында орны бар бір жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды тегiн тамақтандыруға баланың мәртебесін растайтын құжаттар негiзiнде жолдама берсін:
      кедейшілік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларының балаларына - "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің анықтамасы;
      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қорғаншылық және қамқоршылық органының анықтамасы;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға–психология–медицина - педагогикалық консультациясының қорытындысы;
      мүгедек балаларға – медицина-әлеуметтік–сараптама комиссиясының анықтамасы;
      көп балалы отбасылардың балаларына – балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.06.15 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі берілген жолдамаларды есепке алсын.
      4. "Лисаков қаласы әкімдігінің бiлiм бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының бюджетін қалыптастыру кезінде балалардың тегін тамақтандырылуына қаражат көздесін.
      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.

      Лисаков қаласының әкімі                    В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      білім бөлімі" ММ бастығы
      ______________ Е. Бурдыка

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      ______________ Г. Бермухамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады