Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 156 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда № 9-4-164 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын орындау үшін Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар кезекті мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру науқанын жүргізу үшін шақыру кезеңіне әскери есепке алу жөнінде мамандарды тарту ұсынылсын.
      3. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері шақырушыларды медициналық және шақыру комиссияларын өту және әскери қызметтен өтуге оларды жөнелту үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктіне, әскери бөлімдерге жөнелтуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуы үшін қызметкерлердің қажетті санын бөлу;
      2) әскери міндетке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды шақыру пунктіне жеткізу ұсынылсын.
      5. Алынып тасталды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.09.07 № 434 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      6. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2010 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген сомалар бойынша ақшалай қаражаттар бөлсін.
      7. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Лисаков қаласының әкіміне 2010 жылғы 25 маусымға дейінгі және 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты беру ұсынылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап пайда болған қатынастарға өзінің күшін таратады.

       Лисаков
      қаласының әкімі                            В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі істер
      департаменті Лисаков қаласының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ Т. Айсин

      "Қостанай облысы Лисаков
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Р. Саттаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады