Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп - ұстау Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 207 шешімі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қазанда № 9-6-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабы 2-тармағы, 311-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 8)-тармақшасына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса ұсынылған Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрағасы                            М. Оспанов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ж.Оташев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Аманкелді
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Е. Таукеев
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау Министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиалогиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша департаменті Амангелді
      ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиалогиялық
      қадағалай басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ А. Оспанбек
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының ішкі істер Департаменті
      Аманкелді ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________________ М.Сыздықов
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

Мәслихаттың        
2010 жылғы 17 қыркүйектегі 
№ 207 шешімімен бекітілген 

Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер
мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың осы Ережелері (әрі қарай-Ереже) Аманкелді ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстау тәртібін реттеу мақсатымен әзірленген.
      2. Ереже, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ережеге қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау органдардың мемлекеттік мекемелері жатпайды.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

2. Жануарларды ұстау шарты

      4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелеріне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтау керек.
      5. Көпқабатты үйлердің қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға рұқсат етілмейді.
      6. Жеке үй иелеріне иттерді ұстау олардың қашып кетпеуін және жеке үйдің шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кіреберісінде, дарбазада иттер бар екендігі туралы белгі болуы тиіс.
      7. Көшеде, аулада, қоғамдық орындарда иесіз, бос жүрген иттер мен мысықтар белгіленген тәртіпте және сақтану ережесін сақтай отырып ауланады.

3. Жануарларды ұстау тәртібі

      8. Иттер мен мысықтардың иелері:
      1) иттер мен мысықтардың ұстауын негізгі Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
      2) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, санитарлық ережелерді сақтау үшін қажетті шараларды қолданады;
      3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған лас қалдықтардан, жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
      4) жануарды егу, қарау және емдеуге байланысты осыларды жүзеге асырған тұлғалардың барлық шығындарын өтейді;
      5) жануарлар адамдарды тістеген, сонымен қатар жануарлардың қапыда опат болған барлық жағдайлар жөнінде селолық округтің ветеринарлық инспекторына немесе ветеринарлық қадағалау бөліміне және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады, ауруға күмәнді болған жағдайда, ветеринарлық қызметінің мамандары келгенше, жануарды жеке ұстайды немесе жануарды өз көлігімен, қоғамдық көлікті қолданбай мал дәрігеріне жеткізуі тиіс;
      6) өліп қалған жануарлардың өлекселерін мал қорымдарында өртеуге немесе өлексе жағатын пештерде өртеуді қамтамасыз етуі керек;
      7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткізу үшін олардың талабы бойынша береді.
      9. Жануарларды қыдырта жүріп, олардың иелері мына ережелерді ұстану керек:
      1) иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
      2) иттерді арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттерді қыдырту құла далада жүзеге асырылады;
      3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда иттерді қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару керек;
      4) иттердің серуендеуі үшін арнайы белгіленген, қоршалған орындарда және бос жерлерде адамдар жоқ кезде иттерді мойын жіпсіз және мұрынға киетін құралды шешпей жіберу рұқсат етіледі;
      5) иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады