18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 294 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 9-6-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 23.12.2015 № 201 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 80 пайызға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), есепке алынуына түзету белгіленсін.
      2. 80 пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету белгіленсін.
      3. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақы тағайындауға үміткер өтінушілердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынатын табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелді ауданының
      әкімі                                      С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады