Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 189 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының басқармасында 2010 жылғы 3 тамызда № 9-7-121 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 421, 422 баптарының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессияның төрағасы
Д. Қойшыбаев
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігі Салық

      комитетінің Қостанай

      облысы бойынша Салық

      Департаментінің "Әулиекөл

      ауданы бойынша салық

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығының

      міндетін атқарушы

      ____________ Әлиев Қ.Х.

  Мәслихаттың
2010 жылғы 7 шілдедегі
№ 189 шешіміне қосымша

Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады