Жергілікті өкілетті орындарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда № 9-8-151 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы 11) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2009 жылдың 21 желтоқсандағы № 170 "2010-2012 жылдарға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 9-8-141 болып енгізілді) шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек ретінде аудандық бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер төленсін:
      1) айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде, жасы кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге;
      кәмелетке толмаған қайтыс болған балалардың ата-анасының біреуі (бала асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы) баласының қайтыс болған күніне дейін жұмыссыз болса оған әлеуметтік көмек көрсетіледі;
      2) айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге;
      қайтыс болу мерзіміне уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз деп тіркелген, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеу жүргізген тұлғаға әлеуметтік көмек беріледі;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, төрт мың бес жүз теңге мөлшерінде тұрмыстық мұқтажына ай сайын;
      4) есеп айырысу құжаттар негізінде тексеру құнының жүз процент мөлшерінде, 18 жасына дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге;
      5) айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде туберкулездің жұқпалы түрінің ауру адамдарға емделуге, қосымша тамақтандыруға және дезинфекциялық құралдар алуға;
      6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге, жалданба тұлғаларға отыз бес мың теңге мөлшерінде;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бес мың теңге мөлшерінде;
      екінші Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің ата-аналарына, қайталап некеге тұрмаған зайыбына бес мың теңге мөлшерінде;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың партизандардың, астыртын күрес жүргізген, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғыс жылдарында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және де Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін және Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға екі мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету;
      7) Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты - мүгедек-балаларға тиісті жылға белгіленген екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде;
      8) әлеуметтік қорғауға жататын жастарға жергілікті бюджет есебінен кәсіби, техникалық, орта және жоғары оқу орындарындағы шығындырын өтеу үшін;
      9) Мүгедектер күніне орай мүгедектерге екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.04.26 № 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараның) қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
      1) жеке есеп шоты көрсетілген арыз;
      2) жеке куәлік құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекен-жай анықтамасы;
      5) осы қаулының 1 тармағы 1), 2) тармақшаларында көзделген "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      6) осы қаулының 1 тармағы 4) тармақшасында көзделген, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) осы қаулының 1) тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген оқу орындағы төлем ақысын өтеу үшін төлемақысын құнын растайтын құжат; туралы анықтама;
      8) 1 тармақтың 1), 2) тармақшасында көрсетілген, қайтыс болғаның анықтайтын куәлігінің көшірмесі;
      9) осы қаулының 1 тармағы 6) тармақшасында көзделген, арыз берушінің статусын растайтын құжаттың көшірмесі;
      10) осы қаулының 1 тармағы 9) тармақшасында көзделген мүгедектік туралы анықтама үзіндісінің, зейнеткер куәлігінің көшірмесі.
      Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Д. Мұсылманқұлова

      "Денисов ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ Е. Подело

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады