Әкімдіктің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 104 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда № 9-8-154 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-151 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2010 жылғы 9 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге, жалданба тұлғаларға отыз бес мың теңге мөлшерінде;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бес мың теңге мөлшерінде;
      екінші Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің ата-аналарына, қайталап некеге тұрмаған зайыбына бес мың теңге мөлшерінде;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың партизандардың, астыртын күрес жүргізген, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғыс жылдарында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және де Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін және Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға екі мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Д. Мұсылманқұлова

      "Денисов ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ Е. Подело

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады