Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және Жангелдин ауданының мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 147 "Жангелдин ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-9-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтарда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) шешіміне сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген топтарына мынадай әлеуметтік көмектің түрлері мен мөлшерлері белгіленсін:
1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында тұрмыстық қажеттілігіне арналған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ай сайынғы төленетін әлеуметтік көмек;
2) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне байланысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
3) Төменгі зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлер мен материалдық мұқтаж мүгедектерге қарттар мен мүгедектер күніне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға және қайтыс болған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаға 1 айлық есептік көрсеткіштің он еселенген көлемінде әлеуметтік біржолғы көмек;
5) Техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын және жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқитын жастарға төленетін әлеуметтік көмек;
6) Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған азаматтарды емдеуінің қолдау фазасында қосымша тамақтандыруға 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек;
7) Чернобыл апатына және Ауған соғысына қатысушыларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек;
8) Тұрмысы төмен аз қамтылған отбасыларына азаматтардың жекелеген санаттарының берген өз өтініштеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі азаматтардың өтінішімен 28 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек;
9) Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша санаторлық-курорттық емделуіне байланысты көлік шығындарын өтеуге арналған 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
10) "Мүгедектер күні" қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек.
2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
3. Төмендегілер белгіленсін:
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім уәкілетті органның жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік кеңесімен комиссия ұсынысының негізінде шығарылады;
2) әлеуметтік көмек төлем алушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып,төленеді.
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
5. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Құжаттар тұпнұсқа және көшірме түрінде салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың тұпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады,ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
7. Қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Аудан әкімі Н.Төлепов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________________ Л. Зейнекина
"Жангелдин ауданының экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________________ Қ. Құлтанов
"Жангелдин ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ Д. Аренова
Әкімдіктің
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 55 қаулысымен бекітілген
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесі
1. Азаматтардың жекелеген топтары бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің барлық түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші;
2) өтініш беруші тұлғаның растайтын құжаттың көшірмесі, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің жеке коды;
3) мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
4) Жангелді аудандық пошта байланысы торабының "Қазпошта" акционерлік қоғамының шоты.
2. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге:
1) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында марқұмның жұмыс істемейтін жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама.
3. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65-жыл толуына байланысты Ұлы Отан Соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеу (тізім бойынша ).
4. Ұлы Отан Соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне тұрмыстық жағдайы үшін төленетін әлеуметтік көмек (тізім бойынша );
5. Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
1) емдеу мекемесінен,науқастың амбулаторлық емделуін растайтын анықтамасы.
6. Әлеуметтік қорғалуға жататын тұрғындар қатарынан,облыстық және аудандық бюджет есебінен оқып жатқан әлеуметтік көмек қажет ететін жастарға кәсіптік-техникалық және орта біліммен ары қарай жоғары білім алуына кететін шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек:
1) отбасының табысы туралы анықтама;
2) оқу орнынан оқитыны туралы анықтама;
3) Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы (сертификат көшірмесі);
4) оқитыны туралы мемлекеттік жоғарғы оқу орнының келісім-шарты;
5) емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары жоқ туралы анықтама;
6) алдынғы семестр оқуына төлем туралы түбіртек.