РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттiк кодексiнiң 106 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мәслихат шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасындағы:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобындағы:
1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобындағы:
462 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер", "008 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер" бюджеттік бағдарламаларымен алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалары бар 474 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
"001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"
"009 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер";
9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобындағы:
462 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "009 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу" бюджеттік бағдарламасымен алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалары бар 474 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен толықтырылсын:
"013 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу";
көрсетілген шешімнің 2 және 3 қосымшаларындағы:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобындағы:
1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобындағы:
462 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасымен алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасы бар 474 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен толықтырылсын:
"001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер".
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының
он бірінші сессиясының
төрағасы З. Асадуллин
Жітіқара аудандық мәслихатының
хатшысы Г. Алпысбаева
КЕЛІСІЛГЕН:
"Жітіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Жидебаева