Мерзімдік әскери қызметіне 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 108 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 маусымда № 9-11-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы", Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында азаматтарды мерзімдік әскери қызметке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен құралымдарына шақыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
      2. Селолық округтер мен селолар әкімдері шақыруға жататын азаматтардың "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру комиссиясына және дәрігерлік комиссияға уақытында келуін қамтамасыз етуді өздері жеке қадағаласын.
      3. "Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру жүргізу және командаларды жөнелту кезінде:
      1) мерзімдік әскери қызметіне шақырудан жалтараған тұлғаларды іздестіру, ұстауды жүргізсін;
      2) шақыру учаскесінде әскерге шақырушылар арасында, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын ұйымдастырсын;
      4. "Қамысты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс- шаралары" бағдарламасы бойынша Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      5. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) атқарылған жұмыстар туралы 2010 жылдың 25 маусымы және 25 желтоқсанына Қамысты ауданы әкімінің аппаратына хабардар етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғанынан кейін бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың сәуірде туындаған кезден бастап қолданысқа таратылады.

      Қамысты ауданының әкімі                    Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Камысты
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________ Берекетов Б.Н.

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      Қамысты орталық аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      ________________ Жанұзақов М.Г.

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министрлігі ішкі істер
      Департаменті Қамысты ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Өмірбаев Р.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады