Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 2010 жылы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды қамтамасыз етуі ұсынылсын.
3. Селолық округтер, селолар, кент әкімдері:
1) тіркеуді өту үшін азаматтардың комиссияға міндетті түрде келуін қамтамасыз етілсін;
2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін шығарып салатын тұлғалар бөлінсін, тасу кезінде жазған оқиғаларды қақпайлау үшін шаралар қабылдансын.
4. "Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі медициналық комиссияны өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражатты бөлуі қарастырылсын.
5. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеу өткізу кезінде шақыру пунктінде құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге ұсынылсын (келісім бойынша).
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі Ф. Филиппов
КЕЛIСIЛДI:
"Қарабалық аудандық iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
__________________________ Н. Нархов
"Қостанай облысы Қарабалық ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
______________________ Б. Бекбұлатов
"Қарабалық аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
кәсiпорнының бас дәрiгерi
___________________ Л. Панченко
Аббревиатуралар талдамасы:
АӘА – "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
АIIБ - "Қарабалық аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі
ҚIЖБ - "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесі
АОА - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны