Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 77 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 сәуірде № 9-12-74 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010.04.20 № 136 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7 бабының 5-2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қарабалық ауданының жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орынының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
       2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етілсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады