Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387, 379, 381 және 383-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін:
1) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2015.03.11 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
3) жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда;
4) елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді); 2010.12.21 № 390 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады); 2015.03.11 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын өзгерту туралы" 2003 жылғы 23 наурыздағы № 167 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2149 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 25 сәуірдегі "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) күші жоғалды деп танылсын.
3. Осы шешім баспасөзде бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық | |
мәслихатының кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | С. Байгабулов |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық
Департаментінің Қостанай ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________________ Б. Сулейменов