"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-120 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезекті сессиясының төрағасы | В. Двуреченский |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік
кірістер Департаментінің "Қостанай
ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Б. Сулейменов