2010 жылғы арналған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 9-14-122 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес, "Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 шешімін (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2008 жылы 30 желтоқсанда 9-14-116 нөмірімен тіркелген) іске асыру мақсатында "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтажды азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету", "Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдау тілі мамандары, жеке көмекшілер қызметтерін ұсыну", Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жесірлеріне, қайтадан некеге отырмаған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына біржолғы материалдық көмек төлемі туралы" бюджеттік бағдарламаларды жүзеге және іске асыру үшін Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш есебімен аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      1) айлық есептік көрсеткішін он бес есе ұлғайту мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындалады;
      2) айлық есептік көрсеткішін он бес есе ұлғайту мөлшерінде әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тағайындалады, яғни қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне, қайтыс болғанға дейін бірге тұрған немесе жерлеуді іске асырған тұлғаларға;
      3) есептік құжаттары негізінде тексеру құнынан жүз пайыз мөлшерінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек, отбасының кіретін кірісіне байланыссыз, мүгедек баланың ата-анасына не өзге заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
      4) айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде қосымша тамаққа емделу кезеңін қолдаудағы туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауратындарға;
      5) оқу жылының кезеңіне, айлық есептік көрсеткішін сегіз есе ұлғайту мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, ата-анасының біріне немесе заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы) тағайындалады;
      6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жесірлеріне, қайтадан некеге отырмаған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына біржолғы материалдық көмек төлемі-35 мың теңгеден;
      7) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттеріне 36 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне монша қызметтеріне 230 теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      9) халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғауға қатысты және жергілікті бюджет есебінде оқитын жастардың, олардың техникалық және кәсіби білім, сондай-ақ, орта немесе жоғары білім алуларына байланысты оқу құнын өтеу үшін әлеуметтік көмек;
      2. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, банктік операция түрлеріне сай Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–уәкілетті орган), 1)-тармақшасының 5)-тармақшасынан 1-"тармағына дейін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
      4. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылдаған күннен он күн ішінде уәкілетті органмен қабылданады.
      5. Анықталсын, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім, ұсынылған әлеуметтік көмектің мөлшері осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасынан 9)- тармақшасына дейін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен бір айдың ішінде қабылданады.
      6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтажды азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек" және "Тәрбие мен білімді үйде алатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету", "Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және қимыл тілі мамандарымен, жеке көмекшілермен қызмет көрсетілу", "Ұлы Отан соғысының 65-жылдық Жеңісіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жол жүру қатынастарын қамтамасыз ету", "Ұлы Отан соғысының 65-жылдық Жеңісіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмек төлеу" бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілсін.
      7. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін. Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың қаңтарынан пайда болған қатынастарда қолданылады.

      Қостанай ауданының әкімі                   Г. Тюркин
 

Әкімдіктің          
2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 
қаулысымен бекітілген    

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010.06.07 № 349  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің барлық түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші;
      2) өтініш беруші тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      4) Қостанай аудандық пошта байланысы торабының "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе банктің шоты;
      5) арыз берушілер үшін, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш берушінің, аталған мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      1) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) жерлеуді жүзеге асырғанды растайтын салттық қызметтен құжаттың көшірмесі немесе анықтама.
      3. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге:
      1) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында марқұмның жұмыс істемейтін жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
      4. Мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеуге:
      1) мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) мүгедек баланы компьютерлік томографпен қарауға емдеу мекемесінің дәрігерлік-кеңестік комиссиясының жолдамасы;
      3) балаға мүгедектігін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптау комиссия анықтамасының көшірмесі;
      4) қарау үшін қолма-қол есептесуін куәландыратын кассалық чек;
      5) тексеру өткізілген емдеу мекемесімен берілген, қаралуға байланысты жұмсалған шығынды төлеу үшін есепшот.
      5. Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
      1) кәмелетке толмаған балалар үшін, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) емдеу мекемесінен, науқастың амбулаторлық емделуін растайтын анықтамасы;
      6. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек.
      7. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмек төлеу.
      8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша қызметіне ай сайынғы әлеуметтік көмек.
      9. Студент жастарға оқу құны көлемінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия шешімі негізінде жоғары, орта кәсіптік оқу орындарында оқуға ақша төлеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек:
      1) отбасының табысы туралы анықтама;
      2) білімі туралы құжат;
      3) оқитыны туралы мемлекеттік жоғарғы оқу орнының шарты;
      4) сынақ кітапшасының көшірмесі;
      5) алдынғы семестр оқуына төлем туралы түбіртек.
      10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттеріне бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің жеке куәлік көшірмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады