"2010 жылға арналған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 349 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 маусымда № 9-14-130 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылға арналған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-122 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 2 сәуірінде "Арна" газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесінің 7-тармағында "(тізім бойынша)" сөзі жойылсын;
      мына мазмұндағы 10-тармағымен толықтырылсын:
      "10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттеріне бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің жеке куәлік көшірмесі".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданы әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       А.Кириченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады