"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарының тіркеуін өткізу ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 35 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсанда № 9-14-140

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
      1. 2011 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Селолық округтар, селолар, Затобол кентінің әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуді қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде шақырылушылардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмыс ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде ұсынылсын:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы ауданның оқу орындарына жеткізу;
      2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беру;
      4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізу.
      5. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп-орынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
      6. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті Қостанай
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________ С. Байгонов

      Қостанай облысы әкімдігінің
      Денсаулық сақтау басқармасының
      "Қостанай аудандық орталық
      аурухана" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері
      ________________ Б. Утебекова

      "Қостанай облысы Қостанай
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Р. Саттаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады