"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу ұсынылсын.
3. Еңбегіне ақы төлеу мөлшері жалақының 1,25 ең аз мөлшерінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жақыпов
КЕЛІСІЛДІ
Меңдіқара ауданы әкімдігінің
"Меңдіқара ауданының тұрғынүй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының директоры
______________ А. Гизбрехт
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Н. Гулаков
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ С. Плотникова
2010.01.06
Әкімдіктің
2010 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілген
2010 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы
әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемдерінің
ТІЗБЕСІ
РҚАО-ның ескертпесі.
Суретті қағаз мәтінінен қараңыз.