"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысымен бекітілген Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарының 5-тармағына сәйкес Боровской селосының әкімі ШЕШТІ:
1. Ленин көшесі Жеңіс көшесіне қайта аталынсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Құсайынов