Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 66 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде № 9-16-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы _____________ Ә. Сансызбаев

      Қостанай облысы бойынша қылмыстық-
      атқару жүйесі комитеті басқармасының
      Науырзым аудандық қылмыстық-атқару
      инспекциясының аға маман-аға инспекторы
      __________________________ Б. Айсенов
 

Әкімдіктің        
2010 жылғы 31 наурыздағы 
№ 66 қаулысына қосымша  

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар
үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау
      2. Аумақты мұздан тазалау
      3. Аумақты қардан тазалау
      4. Аумақты қоқыстан тазалау
      5. Аумақты арамшөптен тазалау
      6. Қоқысты жинау және шығару
      7. Бұталарды қию
      8. Ағаштарды ақтау
      9. Ағаш отырғызу
      10. Қоршауды сырлау
      11. Ғимаратты ақтау
      12. Ғимаратты сырлау
      13. Газондарды, шөпті шабу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады