"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 шешімін жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 82 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда № 9-18-111 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011.03.25 № 148 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктері мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5-бабы 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (2009 жылғы 29 желтоқсандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 9-18-106, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), Таран аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 шешіміне сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынадай төлемдер жүзеге асырылсын:
      1) қайтыс болған он сегіз жасқа дейінгі балаларды жерлеу үшін жиырма еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек ата-анасының біреуі (ұлды, қызды асырап алушысы, қамқоршы, қорғаншы) баланың қайтыс болған күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда немесе зейнеткер, мүгедек немесе бала толық емес отбасында тәрбиеленген болып табылса өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
      2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін жиырма еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек;
      жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне тағайындалады және төленеді;
      3) әлеуметтік көмек медициналық мекемелермен тексеруге жіберілген мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі балалар, табысы аз азаматтар компьютерлік томографтан тексеруден өтуіне байланысты шығындарды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз процент көлемінде әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
      4) емделудің ұстану фазасында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға бір жолғы он еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде Әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан он сегіз жасқа дейінгі балалары ауырған жағдайда ата-аналарына немесе өзге заңды өкіліне өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
      5) жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малдары мен құстар) сатып алуға байланысты шығындарды өтеу бойынша табысы аз азаматтарға (отбасыларына) бір жолғы әлеуметтік көмек;
      бес еселі айлық есептік көрсеткішіне дейін бір жолғы әлеуметтік көмек – құс сатып алуға;
      жиырма еселі айлық көрсеткішіне дейін – ауыл шаруашылығы малдары мен жемдерін сатып алуға;
      он бес еселі айлық көрсеткішіне дейін – қатты отынды алуға;
      бір жолғы әлеуметтік көмек өтініш жасау кезінде орта жанды табысы белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын отбасы мүшелерінің біреуіне, уәкілетті органда есепте тұрған табысы аз азаматтарға тағайындалады және төленеді;
      6) азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің алушылары болып саналатын табысы аз азаматтарға үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсанына бір рет әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің алушылары болып саналатын уәкілетті органда есепте тұрған отбасылар санынан табысы аз азаматтарға тағайындалады және төленеді;
      7) үйде тәрбиеленетін және білім алатын он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-балаларға тоқсан сайын алты айлық есеп көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;
      балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан оқу жылына ай сайын ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
      8) мүгедектер Күні мен балаларды қорғау Күніне он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-балаларға екі еселік айлық есептік көрсеткіштің көлемінде әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек ата-аналарға немесе өзге заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
      9) бір жолғы материалдық көмек көрсетуге оңалту орталығына бару үшін мүгедектерге үш еселі айлық көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;
      қосымша әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерге тағайындалады және төленеді;
      10) жоғары және техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білімді алумен байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет қаражаттарына оқитын және халықтың әлеуметтік қорғау топтарына жататын жастарға әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмек комиссия шешімі бойынша тағайындалады және білім гранттарының иегерлері болып табылатын жастарды қоспағанда отбасы табысына қарамастан әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге жыл сайын оқу кезеңінде келісім (анықтама) негізінде төленеді;
      11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тұрмыстық қажеттіліктеріне қосымша әлеуметтік көмек ай сайын сегіз еселі айлық көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға екі еселі айлық көрсеткіш көлемінде;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек ай сайын тағайындалады және төленеді және өтініш берушінің қайтыс болу айы өтуі немесе оның аудан аумағынан кетуі бойынша тоқтатылады;
      12) бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Жеңістің 65-жылдығына - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына отыз бес мың теңгеден, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға бес мың теңге көлемінде;
      13) емделу құнынан елу процент көлемінде Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде емделуден өткен мүгедектерге қосымша әлеуметтік көмек;
      өтініш жасау бойынша мүгедектерге есептік құжаттар негізінде қосымша әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      14) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар отбасылардағы азаматтарға;
      емделуге мұқтаж азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленіледі;
      15) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар (азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі алуға арналған) отбасылардағы азаматтарға;
      бір жолғы әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтарға тағайындалады және төленіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010.08.10 № 334 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.
      3. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті қоса беріліп отырған құжаттардың тізімі бекітілсін.
      4. "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізілсін.
      5. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таран
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________________ Л. Өтешева

      "Таран ауданы әкімдігінің қаржы
      және экономика бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ В. Пирог


Әкімдіктің        
2010 жылғы 11 наурыздағы 
№ 82 қаулысына қосымша  

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша 14, 15 тармақтармен толықтырылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010.08.10 № 334 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінген кезде әлеуметтік көмек алуға құқықтарын растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
      1. Он сегіз жасқа дейінгі қайтыс болған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, тұлғаның (өтініш берушінің) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) қайтыс болған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) жұмыссыз ретінде ата-ананың біреуі ұлды, (қызды асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы) тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органнан анықтама;
      7) ұлды, қызды (асырап алушы) баланы асырап алу туралы шешімді ұсынады;
      8) қорғаншы (қамқоршы) қорғаншының (қамқоршының) куәлігі, немесе балаға қорғаншы (қамқоршыны) тағайындау туралы қамқорлық пен қамқоршылық органының шешімі;
      9) зейнеткерлер мен мүгедектер үшін зейнеткер куәлігінің көшірмесі.
      2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, тұлғаның (өтініш берушінің) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) қайтыс болған кезде қайтыс болушы жұмыссыз ретінде тіркелгендігін растайтын жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органнан анықтама;
      6) жерлеу қызметінен құжаттың көшірмесі немесе жерлеуді жүзеге асыратындығын растайтын округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы.
      3. Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографтан тексерумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, тұлғаның (өтініш берушінің) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссия анықтамасының көшірмесі;
      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) ұлды (қызды асырап алушы), қорғаншылар, қамқоршылар көрсетілген статусының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      7) компьютерлік томографтан тексеруге медициналық мекеменің жолдамасы (жолдамада құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы, жеке қолы және мағынасын ашу көрсетіледі, жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталуы тиіс);
      8) тексеруге төленген есептің бар болуын куәләндыратын кассалық чек (кассалық чекте көрсетілген сома, шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек);
      9) тексерумен байланысты шығындарды өтеуге төлем үшін тексеріс жүргізілген ұйымның директоры мен бас есепшісімен қол қойылған шоты (директор қолы мөрмен расталуы тиіс, шотта компьютерлік томографте тексерілгеннің аты-жөні, тегі, әкесінің аты қөрсетіледі).
      4. Емдеу фазасында ұсталатын туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратындарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, тұлғаның (өтініш берушінің) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсетуге Таран аудандық орталық ауруханасының туберкулезге қарсы кабинетінің анықтамасы. Анықтамада құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталуы тиіс;
      5) он сегіз жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктің көшірмесі;
      6) ұлды (қызды асырып алушы) қорғанышы (қамқоршы) көрсетілген статусының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      5. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған табысы аз азаматтарға (отбасыларға) жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылық малдары мен құстары), жеке қосалқы шаруашылығы үшін жемдер мен қатты отын алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылық малдары, құстары), қатты отынды (пеш жылуы бар отбасыларына) алумен байланысты табысы аз азаматтардың (отбасылар) шығындарын өтеу бойынша қаражаттар бөлу туралы селолық округі әкімінің өтініш хаты;
      4) ауыл шаруашылық малдарын алуға, сонымен қатар нотариалды немесе селолық округ, кент, село әкімдерімен расталған жеке тұлғалармен сату – сатып алу келісімі;
      5) жемдер алатын тұлғалар үшін – малдар мен құстардың бар болуын растайтын селолық округ, кент, село әкімінің анықтамасы;
      6) өтініш беруші (отбасы) өтініш жасаған кезде табысы аз ретінде есепте тұрғандығын растайтын "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама әлеуметтік көмек отбасыға жылына бір рет көрсетіледі.
      6. Азық–түліктер бағасының өсуімен байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің алушылары болып саналатын табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек:
      Азық–түліктер бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар:
      1) "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлем секторының мемлекеттік атауы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі ағымдағы тоқсанның соңғы айында алушының (өтініш берушінің) атына аударылады.
      7. Үйде тәрбиеленетін және білім алатын он сегіз жасқа дейінгі мүгедек–балаларға әлеуметтік көмек:
      1) өтініш (өтініш берушінің жеке шотының № көрсетілген еркін нысанда);
      2) мүгедек–баланың үйде тәрбиелену мен білім алуын қажет етендігі туралы психологиялы–медициналық–психологиялық кеңес берудің қорытындысының көшірмесі;
      3) баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесі;
      4) ата–анасының, ұлды (қызды асырап алушының) қорғаншының, мүгедек–баланың басқа заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) туу туралы куәлігінің (16 жасқа жетпеген мүгедек–балалар үшін) жеке басының куәлігінің (16 жастан бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек–балалар үшін) көшірмесі;
      6) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) білім беру ұйымымен берілген үйде оқу фактісін растайтын анықтама;
      Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек–балаларға әлеуметтік көмек ағымдағы жылы өтініш жасаған тоқсаннан бастап тағайындалады.
      Қыркүйек айында әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға ПМПК шешімі (қажет болғанда) мен келесі оқу жылына үйде бала кезінен мүгедек баланы оқитын фактісін растайтын білім беру ұйымымен берілетін анықтама ұсынылады.
      8. Мүгедек күні мен балаларды қорғау күніне он сегіз жасқа дейінгі мүгедек–балаларға әлеуметтік көмек:
      1) "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалардың тізімі.
      9. Оңалту орталықтарына бару үшін мүгедектерге бір жолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның (өтініш беруші) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) мүгедектің әлеуметтік оңалту бөлімімен үзіндінің көшірмесі;
      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек–балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) ұлды (қызды асырап алушы) қорғаншы, қамқоршылар көрсетілген статусының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      10. Халықтың әлеуметтік қорғау салаларына жататын және жергілікті бюджет қаражаттары арқылы оқитын, техникалық, кәсіби, ортадан кейін және жоғары білім алумен байланысты шығындарын төлеу үшін жастарға әлеуметтік көмек:
      1) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) білім беру туралы құжатының көшірмесі;
      5) банктік деректемелері көрсетілген білім беру қызметін көрсетуге оқу орнымен шарт.
      Әлеуметтік көмек ағымдағы жылы жолыққан және оны алуға құқығы бар тұлғаларға ұсынылады және жоғары оқу орнында әрбір келесі оқу жылына, білім беру қызметін көрсетуге білім беру ұйымының анықтамасы немесе келісімі негізінде, жоғары білім беру туралы диплом алуға дейін және білім беру ұйымының шотына аударылады.
      11. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
      1) "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік көмек бөлімшесімен ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалардың тзімі;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға:
      1) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) алынатын арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрін көрсетілген зейнеткер куәлігінің көшірмесі.
      Әлеуметтік көмек өтініш жасаған айынан бастап тағайындалады және төленді.
      12. Жеңістің 65 жылдығына бір жолғы әлеуметтік көмек:
      1) Таран ауданы әкімдігінің қаулысы;
      2) бір жолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар көрсетілген Ардагерлер Кеңесінің өтініш хаты.
      13. Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделуді өткен мүгедектерге қосымша әлеуметтік көмек:
      1) жеке шотының № көрсетілген (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) өтініш (еркін нысанда);
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның (өтініш берушінің) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері туралы селолық округ, кент, село әкімі аппаратының анықтамасы;
      4) мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесі;
      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек–баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) ұлды (қызды асырап алушы), қорғаншы, қамқоршылар статусының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      7) емделу туралы медициналық мекеменің анықтамасы, анықтамада құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі. Лауазымды тұлғаның қолы мөрмен расталуы тиіс;
      8) кассалық чек және ұйымның директоры мен бас есепші қол қойған емделумен байланысты, шығындарды өтеу бойынша төлеуге шот (директордың қолы мөрмен расталуы тиіс, шотта емделуден өткен тұлғаның аты–жөні, тегі, әкесінің аты көрсетіледі).
      Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тиісті уәкілетті орнға тұпнұсқасы мен салыстыру үшін көшірмесі ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың тұпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолыққан кезде уәкілетті органның мамандары құжаттардың көшірмелерін растайды және оларды іске тігеді. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
      14. Медициналық мекемелерде тексерілу, стационарда емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
      6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
      7) тексерілуге жолдама немесе емделуі үшін төлем деректерін растайтын медициналық мекемелердің анықтамасы.
      15. Азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі-дәрмек алуға арналған бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұратын орның растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
      6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
      7) медициналық мекемеден анықтама (дәрі-дәрмек алу үшін әлеуметтік көмек).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады